"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 31 тамызында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2022 жылға арналған даму жоспарын іске асыру қорытындылары қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша қоғамның атқарушы органына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

ҚР Акционерлік қоғамдар туралы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сәйкес және директорлар кеңесінің соңғы отырыстарында қабылданған шешімдер негізінде "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ атқарушы органы қаржылық есептілік депозитарийі мен мемлекеттік мүлік тізілімі порталы қабылдаған аудиттелген қаржылық есептілікті және 2022 жылғы даму жоспарының орындалуы туралы есепті уақтылы орналастыруды қамтамасыз етті.


"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 107